Қазақстандық теннисші Зарина Дияс кәсіби мансабын аяқтады
Фото:WTA
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс спорттағы мансабын аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
32 жастағы спортшы бұны әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Зариян Дияс отбасына, жақындарына және де жанкүйерлері мен жаттықтырушыларына алғысын білдірді.
"Бүгін мен өмірімдегі ең маңызды кезеңдердің бірін аяқтап отырмын — кәсіби теннис мансабымды ресми түрде аяқтаймын Бұл — керемет әрі ұмытылмас жол болды. Алматыдан шыққан кішкентай қыздың бала күнгі арманы — әлемдік ареналарда ойнау, ірі турнирлерде жеңіске жету, әлемнің үздік теннисшілерінің қатарына қосылу еді. Бүгінде сол арманымның шындыққа айналғанына әлі де сене алар емеспін. Турнирлердегі жеңістер, әлемдік рейтингтің ТОП-30 қатарына ену және Қазақстан атынан Олимпиада ойындарына қатысу — мен үшін үлкен жетістік әрі баға жетпес тәжірибе. Мен ұлттық құрама сапында өнер көрсеткенімді ерекше мақтан тұтамын. Әрбір матчта кортқа елім үшін шығып, Қазақстанды әлемдік аренада таныстыру — мен үшін зор құрмет болды". - деді Зарина Дияс.
Айта кетейік, Зарина Дияс әлемдік рейтингте 306-орында. Ол кәсіби мансабын 2020 жылы бастаған. Бірнеше халықаралық додалардың жеңімпазы. Ол 2015 жылы WTA рейтингінде 31- орынға дейін көтерілді. Ал 2017 жылы Токиода өткен WTA турнирінде жеңіске жетсе 2020 жылы Токио
Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғады.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"
