Сәбиді мұздатқышқа салып өлтірген: Экс-шенеунікке үкім шығарылды
Экс-шенеунік бірнеше миллион теңге айыппұл төлейтін болды. Атырау денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы басшысына үкім шығарылды. Жергілікті аурухананың бұрынғы директоры және акушер-гинеколог нәрестені мұздатқышқа салып өлтіргені белгілі болғаннан кейін Мәншүк Аймурзиева бірден жұмыстан шығарылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.
Мәншүк Аймурзиева өзіне тағылған айыпен келісіп, кінәсін мойындады. Сот айпталушының зейнетке шығуға бар болғаны бір жыл қалғанын ескеріп, нәтижесінде 5 миллион теңге төлеуді міндеттеген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағы 40 мың теңгені зардап шеккендерге өтемақы қорына төлеуі керек. Сондай-ақ, оған медицина саласындағы жетекші лауазымдарда үш жыл жұмыс істеуге тыйым салынды.
Айта кетейік, Атырау перзентханасы өткен жылдың соңында жанжалдың ортасында қалған. Сәбиді өлі туылды деп тіркеп жіберген қызметкерлер құжаттарды қайта жасамай, оны мұздатқыш камераға салып өлтірген.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады