Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Томирис Байсафаның ісі: Қазылар алқасы үкім шығарды

Мәскеудің Измайловский аудандық сотының алқабилері қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс бойынша Дағыстанның бұрынғы вице-премьерінің ұлы Муртузали Меджидовты кінәлі деп тапты. Бұл туралы марқұмның анасы Жанна Ахметова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Жанна Ахметованың айтуынша, қазылар алқасы Муртузали Меджидовтың кінәсі дәлелденген деп тапты. Сот әлі үкім шығарған жоқ. MK.ru хабарлағандай, алқабилер бірауыздан Меджидовты кінәлі деп тапты.

Бұған дейін Жанна Ахметова бұл іс бойынша сот процесі аяқталғанын, енді сот үкімі шығарылғанға дейін тараптардың пікірталас жүргізуі ғана қалғанын айтқан.



2022 жылдың ақпанында Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы басты айыпталушы Мұртұзали Маджидовтың келмеуіне байланысты кейінге шегерілген болатын.

Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде МГИМО университетінің халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курсының үздік студенті Томирис Байсафа үзіліс кезінде университеттің төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен болатын. Сол жылдың 3 мамырында Томирис Склифосовский атындағы ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды.

Талқылау