Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сенсіз өмір сүру қиын": Томирис Байсафаның анасы әсерлі жазба қалдырды

Мәскеуде қайтыс болған студент Томирис Байсафаның туыстары мен достары марқұм қызды еске алды. Томирис Байсафа тірі болса 25 жасқа толар еді. Томиристің анасы Жанна Ахметова Instagram желісінде қызына арналған әсерлі жазбасын жариялады.

"Айфон құлаққаптарың үнемі шатасып тұратын, ал сен оларды бір-бірінен ажыратуға тырысып, балаша қабақ шытушы едің. Сен оны ренжіген күйде лақтырып жіберетінсің және музыкасыз метрода отыратын едің. Құлаққабың сені ренжіту үшін шатаспайды. Тек сол құлаққап оң жақ құлаққапты жақсы көреді. Олар құшақтасқысы келеді. Ол махаббат. Бұл - Томпи. Томпи - махаббат. Томпи - жұлдыз. Жұлдызсыз өмір сүру жаман. Жұлдыз - белгі сияқты. Белгі болмаса, адасып кетесің..." - деп жазды Жанна Ахметова.

Томирис Байсафаның өліміне қатысты "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бабы бойынша іс қозғалып, кейін ол "кісі өлтіру" бабымен өзгертілді. Бұл іс бойынша күдікті Дағыстанның жоғары лауазымды шенеунігі Муртузали Меджиевтің ұлы, Томиристің бұрынғы жігіті болды.

2021 жылдың жазының басында Мәскеуде өткен алқабилер оны кінәсіз деп тауып, ресейлік қамаудан босатылды. Қазан айында ақтау үкімінің күші жойылды. Енді іс басқа сотта қаралатын болады.


Талқылау