Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Томирис Байсафаның ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Сот Мәскеуде көз жұмған қазақ қызы Томирис Байсафаның ісі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы қыздың анасы мәлімдеді, депи хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

томирис

Жанна Ахметова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұлі ске қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын айтқан. Енді сотқа дейін екі жақтың пікірсайысы өтуі қажет. 



2022 жылдың ақпанында Томирис Байсафаның өліміне қатысты сот басты айыпталушы Муртузали Меджидовтың келмеуіне байланысты кейінге қалдырылған. 

Айта кетейік, 2018 жылы 13 сәуірде Томирис Байсафа үзіліс кезінде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен. Қыз көп қан жоғалтып, ауыр жарақат алған. Сол жылы 3 мамырда Томирис көз жұмды. 

Талқылау