Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкерлердің 67%-ы табысын жасырып отыр – Қаржы вице-министрі

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов сенат кулуарында мобильдік аударымдар туралы тілшілер сұрағына жауап беріп, жеке кәсіпкерлердің табысы қандай жағдайда тексерілетінін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Istock

Министр орынбасары аударымды жіберушілерді бақыламайтынын айтты.

“Жіберген адам ата-анасы, бауыры, әпкесі немесе қайырымдылық мақсатта жасалған аударымдар болуы мүмкін. Жеке мақсаттағы аударымдар тексерілмейді. Біз жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне енген жеке кәсіпкерлердің деректерін алуымыз керек”, – деді қаржы вице-министрі. 

Ержан Біржанов төлемдер емес, аударымдар бақыланатынын нақтылап өтті.

“Ай сайын түрлі тұлғалардан 100 аударым жасалса және үш ай қатарынан осындай жағдай бақыланып отырса ғана тексеріске негіз болады. Үшіншіден, қазір қосымша көрсеткіш енгізіліп жатыр, жалпы сома жиынтығы 255 мыңнан асуға тиіс. Осы жағдайда ғана жеке кәсіпкер салық органдарына түсініктеме беру туралы ескерту алады”, – деді Ержан Біржанов. 

Ол сондай-ақ шағын бизнес жергілікті бюджетке салық төлеуі керек екенін, бұл аймақтағы мектептер мен ауруханалардың салынуына әсер ететінін айтты.

"Статистиканы келтірсек, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1,4 млн жеке кәсіпкердің 944 мыңы нөлдік есеп тапсырды. Табысын көрсетпеген кәсіпкерлер үлесі 67% болып отыр. Өткен жылғы ұлттық банк деректерін қарасақ, банк карталары арқылы 55 трлн теңге төлем жасалған. Ал жеке тұлғаларға немесе жеке кәсіпкерлерге аударымдар 80 трлн теңге болды", – деді Ержан Біржанов.

Вице-министр аударымдар бүкіл сауда айналымынан асып түсетінін атап өтті. Оның пікірінше, егер 80 трлн теңгеден салық түссе, білім беру мен медицина жүйесіндегі жағдай жақсарар еді.

Бұған дейін қаржы вице-министрі жаңа салық кодексінің жобасы қашан қоғамдық талқылауға шығарылатынын айтты. 


2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды

Талқылау