Президент жаңа салық кодексін бір айда қайта жасап шығаруды тапсырды: Ол қазақстандықтарға қашан таныстырылады
Бүгін парламент сенатының кулуарында қаржы вице-министрі журналистердің сұрағына жауап беріп, жаңа салық кодексінің жобасы қашан қоғамдық талқылауға шығарылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Сенат кулуары
Сенатор қазір жұмыс тобы демалыс күндері де жұмыс істеп жатқанын айтты.
“Үкімет қабырғасында күн сайын бизнес қауымдастықпен жоғары дәрежеде талқылау жүріп жатыр. Оған банк секторы, мұнай саласы, шағын бизнес, білім беру саласы, т.б. өкілдер қатысып жатыр. Ұсыныс көп. Өзгерістер енгізу немесе толық жаңарту мәселесі де талқыланып жатыр”, – деп атап өтті Біржанов.
Оның айтуынша, салық кодексі салық төлеушілер үшін ыңғайлы болуы керек.
“Заң жобасының бірінші пакетін наурызда көпшілік назарына ұсынамыз, екіншісі одан кейінгі айда болуы мүмкін. Мақсатымыз – биыл осы заңды қабылдап, жаңа жылдан бастап жұмыс істеуін қамтамасыз ету”, – деді сенатор.
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты
Бір көлік түрлі баға: Қытай көліктері басқа елдерде қанша тұрады
Қазақстанда қытайлық автомобиль брендтері арасында Changan, Chery, Haval, Jetour және Geely модельдері кеңінен таралған