Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Толассыз жауыннан кейін Шымкент көшелерін су басты

Шымкентте толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді су басты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап. 

су басу
Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында департаментте жедел штаб ұйымдастырылды. Қазығұрт шағын ауданындағы Бөгенбай көшесі бойында, Темірлан тас жолының бойында орналасқан "Закир" дүкенінің жанында суды айдап шығару жұмыстары жүргізілді.

Нұртас шағын ауданында ауланы су баспау үшін инертті материал салынған қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілді.

Су шығару жұмыстары қалалық коммуналдық қызметтермен бірлесіп жүргізілді, онда 87 бірлік техника, 65 мотопомпа, жеке құрамның 173 адамы жұмылдырылды.

Жалпы 2508 текше метр су шығарылды, 800 қап инертті материал төселді. Үйлерді су басуына жол берілмеді.

Назархан Уән
Сенбі, 18 Ақпан, 2023 07:31