Толассыз жауған жауын салдарынан Алматы – Өскемен тасжолының бір бөлігін су шайып кетті
Жауын-шашынның салдарынан Алматы – Өскемен тасжолының құбырлы өткелін су шайып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"2022 жылғы 22 мамырда сағат 16:45-те республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен автожолының 395 шақырымында Еңбек ауылының бұрылысын жауын-шашынның салдарынан тас жолдың құбырлы қиылысы шайылып кеткен. Қалпына келтіру жұмыстары басталды. Оқиға орнында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы филиалының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, 4 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылды", – деп түсіндірді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Қазір бұл аймақта көліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектелген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”