Тоқтар Серіков “Жыл таңдауына” шақырылған түрік актерін танымайтынын айтып ұялтып тастады
«Жыл таңдауы» ұлттық музыкалық премиясы кеше Алматы төрінде дүркіреп өтті. Аталмыш шараға stan.kz тілшісі де барып, жұлдыздарымызбен тілдесіп қайтқан еді.
Бұл жобаға 70-ден астам әнші қатысып, 18-і «жыл таңдауы» номинациясы бойынша марапатталды. Ал, кештің ең басты қонағы «Құлпынай иісі» атты түрік телехикаясы арқылы танылмал болған Юсуф Чим.
Түрік актермен арнайы пресс-конференция өтті. Бір қызығы, сағат13:00 –ге деп жоспарланған кездесуге бір топ жұлдыздарымыз тура 2,5 сағат кешігіп келді.
«Түріктердің де кешігу әдеті ме?» деген тілші сұрағына Юсуф жігіт былай жауап берді: «Жоқ, мен барынша айтылған жерде бекітілген уақытта жеткім келеді. Ал, жаңа Ләйля Сұлтанқызымен сұхбат болды, кейін түскі ас болып кешігіп келдік. Баршаңыздан кешірім сұраймын».
Иә, қонағын сыйлаған қазақшылыққа салынып актерді БАҚ өкілдері кешірді.
«Қазақ өнерпаздарымен таныссыз ба? Ғаламтордан өзіңіздің әріптестеріңіз туралы ақпарат немесе бейнебаянды қарадыңыз ба?»
Кеш қонағын Тоқтар Серікте танымайды: «Шынымды айтсам, мүлдем телехикая көрмеймін. Уақытым жоқ. Мен бұл актерді танымаймын. Бірақ, ол енді қазақ әншілерінің өнерімен таныс болады деп сенемін. Өзінің әнінің сөзін білмейтініне таң қалып отырмын. Біздің әншілер өздерінің ғана, өзге әріптестерінің де репертуарындағы әндерін жатқа айтады. Бұл нағыз мақтанарлық дүние деп білемін»,-деді әнші Тоқтар Серіков.
Бұл пресс-конференцияда кеш жүргізушілері Ләйлә Сұлтанқызы, Ерке Есмахан,Тоқтар Серіков және Юсуф Чим қатысқан еді.
Ал, баспасөз өкілдерімен кездесуден кейін өнер иелері сахнаға дайындыққа асықты.
«Шынымды айтсам, сценарийді жаңа ғана алдым. Өзім алғаш рет концерттік кеш жүргізгелі тұрғандықтан қатты қобалжудамын. Ертерек берілген кезде жаттап, мұқият дайындалар едім. Енді бұйырғанын көрерміз» деп ағынан жарылды Тоқтардың жары Бейбіт.
«Әрине, бұл жыл соңында ең үлкен шара ғой. Сондықтан, ұзақ дайындалдық. Әйел адам болғандықтан бірінші кезекте мына көйлегіме үлкен мән бердім. Айгүл деген дизайнер құрбым тігіп берді. Осындай стильде болу туралы ұсынысты өзі айтты. Ал, ақ және күміс түсті біріктіру менің идея болды»,- деп көйлегімен Жанболаттың Жазирасы да мақтанып қалды.
Бұл кешке бейнебаян түсірілімін тоқтатып Гүлнұр Оразымбетова мен Жігер Ауыпбаев та қатысты.
«Бүгін дуэт болып клип түсірудеміз. Ол туралы сәлден кейін толығырақ айтып берейін. Сол бейнебаян түсірілімін тоқтатып, концертке келдік. Қазір қайтадан түсірілімге кетеміз» ,- дейді Жігер Ауыпбаев.
18:00 деп жоспарланған кеш әдеттегідей қазақылыққа салынып 19:30-даа басталды.
Сахна төріне кештің тізгінін ұстайтын жүргізушілер: Тоқтар мен Бейбіт, Тәуекел Мүсілім мен Құралай Анарбекова, Ләйлә Сұлтанқызы мен Майя Бекбаева, Ерке Есмахан мен түрік актері Юсуф Чим шықты.
Отандық жұлдыздар барын киіп жарқырап шықса, кештің басты қонағыr кэжуал стилін оң көргендей. Мұндай образды жөн көрмеген Тоқтар Серік «Юсуф, смокинг қайда?» деп әзіл-шыны аралас қалжыңдап үлгерді.
Иә, көптен күткен шарада үйлеріне құр қол қайтпаған он сегіз жұлдыз бар. Олардың қатарында: Тоқтар мен Бейбіт, Жазира мен Жанболат, Айқан, Тамара Асар, Зируза, Иса мен Фарида Жолдасова, Әбдіжаппар Әлқожа, Нұрболат Абдуллин, 91 тобы, Айдана Меденова, Камшат Жолдыбаева секілді жұлдыздар болды.
Айтпақшы, Қайрат Нұртас өз жүлдесін Серікбол Сайлаубекке табыстады. Сахна төрінде марапатталған соң әнші: «Бұл сіздердің арқаларыңыздағы жеңіс. Мен сіздерді жақсы көремін, шексіз алғыс айтамын. Және рұқсат болса осы жүлдені досым Серікбол Сайлаубекке табыстаймын. Өйткені, ол лайықты деп ойлаймын» деп халыққа алғысын айтып, досына сыйлықты табыстауға жол тартты.
Аталмыш шарада алғаш рет ең үздік айтыскер номинациясы да табысталды.
«Негізі, көп іс-шаралардан айтыскерлер қалып қоямыз. Көптеген марапаттарға біздерді қоспайды. Бірақ, бүгінгі номинацияға өте қуаныштымын. Енді айтыскерлерге де жыл бойы еңбек етуге үлкен стимул пайда болды»,-дейді Тұрсынбаева.
Осылай сұхбат берген айтыскер ханым жүзден жүйрік шығып, «Жыл таңдауы» деген номинациямен қанжығасын майлады.
Тәуекел Мүсілім Фарида Жолдасованы Жолдыбаева деп хабарлап масқара болса, Айқын Төлепберген сахна үстінде жазатайым болып қала жаздады. Бір сөзбен айтсақ, қызығы мен шыжығы көп кеш бес сағатқа жуық уақытқа созылып, өз мәресіне жетті.
Бұл шараның қоюшы-режиссері Азамат Сатыбалдының әйелі экс-актриса Назгүл Қарабалина болды. Мықтылар бірігіп жасаған жобаның бағасы енді халықтың еншісінде.
Оқи отырыңыз:
Бағым Мұхитденова “КешYou” тобының жүлдесіз қалғанына ренжіп қалды
Ашық-шашық киінген Жолдыбаева Мақпал Жүнісованың қаһарына ұшырады (фото)
Қобызшы қыздардан құралған “Асыл” тобы күтпеген жаңалықпен қуантты
Алагөзовамын: Баян Мақсатқызы Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шықты (фото)