Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Токио-2020: Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды

Токио Олимпиадасында сынға түсіп жатқан теннисші Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда хорватиялық Донна Векичпен шеберлік байқасты. Қарсыласын екі сетте 7:6, 6:4 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Енді ол испаниялық Гарбинье Мугурусомен тайталасқа түседі. 

Айта кетейік, алғашқы кездесулерінде ол австралиялық Саманта Стосур (6:4, 6:2) және швециялық Ребекка Петерсон (6:2, 6:3) сынды қарсыластарын қапы қалдырып кетті. 

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасында бұған дейін Зарина Дияс, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева жарыс жолынан шығып қалды.

Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы аламанға жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда. 

Қазақстандық 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды.

Сонымен бірге 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу турнирінде өз тобында төртінші нәтиже тіркеген Дмитрий Баландин да жартылай финалға өткен болатын.

Ақберен Амангелді
Сейсенбі, 27 Шілде, 2021 17:08
Талқылау