Тоқаевтың сынына ұшырап, министр лауазымынан айырылған Сапархан Омаров жаңа қызметке тағайындалды
Ауыл шаруашылығы экс-министрі Сапархан Омаров "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Сапархан Омаровтың Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және астық саласын дамыту саласындағы көпжылдық нәтижелі қызметін, сондай-ақ астықты мемлекеттік сатып алу жүйесінде табысты тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. биылғы 28 шілдедегі №227 бұйрығымен ҚР Үкіметінің келісіміне сәйкес, Омаров Сапархан Кесікбайұлы "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы "Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына сайланды”, – делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты сынға алған еді. Президент сынынан кейін ол министр лауазымынан айырылды. Оның орнына Ербол Қарашөкеев министр міндетін атқарушы болып тағайындалды.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
