Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев жұмыстан шығаруды тапсырды: Қазақстанның жауапты хатшылары қанша жалақы алатыны белгілі болды

Вице-премьер Ералы Тоғжанов министрліктер жанындағы жауапты хатшылар институтын жою туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда мәжіліс сайлауы конституциялық мерзімінде өтеді

Тоғжанов бұл мәселе бойынша жауапкершілік министрлерде екенін айтты. 

"Басқа ведомстволарға тарату бірінші басшылардың құзырырында. Президент бұл мәселе бойынша өз ұстанымын нақты айқындады. Ал министрліктің жұмысына министр жауап беруі тиіс", - деді Тоғжанов.


Оның айтуынша, жауапты хатшылар институты 15 министрлікте де жұмыс істейді. Олардың функцияларын аппарат басшылары орындайды.

"Аппарат басшысының қызметі мен функционалдық міндеттері мемлекеттік қызмет туралы заңда көрсетілген. Бұл атқарушы органдардың өкілетілігіне толық сәйкес келеді. Бұл мәселе күн тәртібіне енді. Шешім жақын күндері қабылданады. Орташа жалақы 685 мыңнан 830 мыңға дейін тағайындалады. Бұл жұмыс тәжірибесіне байланысты болмақ", - деді ол.

Талқылау