Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мемлекеттік туға система іліп қойып ем қабылдаған басшының әрекеті әшкере болды (видео)

Түркістан облысы Сарығаш ауданына қарасты Келес ауылында Қазақстанның мемлекеттік туына система іліп қойып, ем алған басшының әрекеті әшкере болды. Оны куәгердің бірі видеоға түсіріп желіге жүктеді. 

Видеодан әйелдің мемлекеттік көк туға система құралын іліп, кабинетте ем қабылдап отырғанын анық көруге болады. 

“Қазақстанның мемлекеттік туына медициналық құралды іліп қойған. Осы дәрежеге жеттік пе. Туды сыйламайсыздар ма. Сіздің туға түйреуіш тағып қолдануға қандай құқығыңыз бар? Басшылық ретінде кабинетті пайдалана алмайсыз, оған арнайы орын бар” дейді видеоны түсірген Ержан есімді азамат.

Видеоны өз парақшасында желі қолданушысы Ләйлә Дарханбаева жариялады.

“Келестіктер басшы болса кеңкелес болып қалады ма? Әлде басынып кетеді ма? Кейбір әкімнің мемлекеттік рәміз бен елбасынының портреті тұрған кабинетінде өзара бірігіп арақ құйып атойлатқандары бар еді. Мынау басшы әйел адам болған соң, әкім сияқты араққа жеткізбесе де Көк туды желбіретіп қызмет орнында аспа уколды асып қойып ем қабылдап жатқанының куәсі болыңыздар. Атың шықпаса жер өрте! Крышасы анау крыса деп естідік” деген өз жазбасында.

Желі қолданушылары басшы әйелді жерден алып, жерге салды. 

"Осындай басшылар өзіне деген құрметін жояды, туды сыйлауды білмейтіндер қалай басшы болып отыр", "Мемлекеттік қызметкер бола тұра туды аяққа таптады. Бұндайларды жауапқа тарту керек", "Бұл істі аяғына дейін жеткізіңіздер", "Қазір бәрі бірін-бірі аңдып, құлағанын күтіп отырады", - деп жазды олар. 

Талқылау