Тоқаев Жоғарғы Соттың судьясын қызметінен босатуды ұсынды
Сенатта Жаңылсын Арқарованы Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы мәселе талқыланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі Парламенттің жоғарғы палатасының сайтына сілтеме жасап.
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатуды ұсынған кандидатураны талқылады.
"Сенат комитеті Парламент Сенатына Жоғарғы сот судьясы Арқарова Жаңылсын Баянқызы отставкаға кетуіне байланысты және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысына сай оны қызметінен босатуды ұсынды", - делінген хабарламада.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ