Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев вакцина, азық-түлік бағасы және тұрғын үйге қатысты тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Мемлекет басшысы Маминге бірқатар тапсырмаларды жүктеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министр Қазақстанда цифрлық платформа құру туралы мемлекет басшысының берген тапсырмасының орындалу барысы жайында баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұқтаж азаматтарды сапалы баспанамен барынша қамтамасыз ету мақсатында үкіметке "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын толыққанды іске асыруға қатысты проблемаларды шешуге ерекше назар аударуды тапсырды.

Үкімет жергілікті маңызы бар жоғары сапалы жолдарды жөндеу және салу мәселелерімен айналысуы керек.

Азаматтарға вакцина салуды ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету және биылғы белгіленген шекке (6 млн адам) қол жеткізу мәселесі де өзекті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдеріне азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін бақылауды күшейтуді тапсырды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Наурыз, 2021 12:38
Талқылау