Тоқаев үкімет жанынан құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия құруды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі үкімет жанынан комиссия құру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президенттің жарлығында "Үкімет жанынан құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын" деп көрсетілген.
Комиссияны премьер-министр басқарады. Оның орынбасары – ішкі істер министрі, ал хатшысы – ішкі істер министрлігінің профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы болады.
Комиссия құрамына лауазымы бойынша бас прокурор, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, премьер-министрдің орынбасарлары – ұлттық экономика, жасанды интеллект және цифрлық даму, мәдениет және ақпарат министрлері, сондай-ақ қорғаныс, сыртқы істер, қаржы, ауыл шаруашылығы, әділет, ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көлік, оқу-ағарту, өнеркәсіп және құрылыс, сауда және интеграция, төтенше жағдайлар, туризм және спорт, энергетика министрлері және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары кіреді.
Құжатқа сәйкес, комиссияның негізгі өкілеттіктері:
- құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және оның тиімділігін бағалау;
- осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы бағдарламалардың орындалу барысын қарау;
- үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға алдын алу шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
- ақпараттық материалдар дайындап, тиісті органдарға жолдау;
- мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдап, олардың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
- ведомствоаралық жұмыс тобының ұсынымдарын қарау.
- Референдум кезінде ереже бұзған бір бақылаушының үстінен сотқа шағым түскен
-
Дауыс есептеу кезінде қандай бюллетень жарамды немесе жарамсыз деп танылады
Еске салайық, бұған дейін желіде Шымкенттің аудан әкімінің төбелескен видеосы тарап кеткен еді. Бейнежазбаны Facebook парақшасында адвокат Айгүл Орынбек жариялаған. Кадрларда Шымкенттің Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаевқа ұқсас адам белгісіз ер адамға шабуыл жасап жатқан көрінеді. Видео жарияланғаннан кейін Шымкент қаласының әкімдігі қызметтік тексеру басталғанын хабарлап, оның қорытындысы шыққанға дейін асығыс тұжырым жасамауға шақырған.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған