Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Түркістан облысында ардагерлермен әңгіме барысында Назарбаевтың еңбегін атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Президент өңір ардагерлерімен кездесіп, әңгіме барысынды тұңғыш президенттің есімін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Тоқаев ардагерлермен кездесуінде Түркістан облысының гүлденіп, дамуында Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі зор екенін айтты. 



”Тағзым ету үшін арнайы Түркістан өңіріне келдім. Сіздер жастарымыздың білім алып, дамуына үлкен үлес қосып жатырсыздар. Бәріміз бірігіп, ел үшін жұмыс істеуіміз керек. Сырттан келіп жатқан тәуекелдер аз емес. Қарасаңыздар Түркістанның келбеті керемет. Абаттандырылды, қала таза. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы. Оны ашық айтуымыз керек. Сондықтан бәріміз бірігіп, ел үшін, мемлекет үшін бірігіп жұмыс істеуіміз керек”, – деді Тоқаев. 

Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов жаңғырған Түркістан өңіріндегі оң өзгерістерге тоқталып, мемлекет тарапынан жасалып жатқан жан-жақты қамқорлық үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті.

 

Талқылау