Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Трамптың Қазақстан тауарларына салық салу туралы хатына жауап жіберді

Фото: Ақорда/Chet Strange/Getty Images

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақорданың мәліметінше ел президенті ортақ келісімге дайын екенін жеткізген.

“Мемлекет басшысы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін атап өтті.



Қазақстан Президенті сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп Тоқаевқа ресми хат жолдап, Қазақстаннан әкелінетін барлық тауарға 25% баж салығы енгізілетінін жеткізген еді.

STAN.KZ
Бейсенбі, 10 Шілде, 2025 11:16
Талқылау