Тоқаев Трамп-Путин кездесуіне үн қосып, оны тарихи саммит деп атады

Коллаж: Stan.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен АҚШ президенттерінің арасында өткен кездесуге пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқаев Анкоридждегі кездесуді Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптады.
"Тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды. Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті", – деді президент.
Зеленский Ресей және АҚШ-пен арада болатын келіссөздерге қатысатынын мәлімдеді
Айта кетейік, бұған дейін 15 тамызда Аляскадағы әскери базада АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өткен еді. Келіссөздер бірнеше сағатқа созылды. Дегенмен Трамп Путинмен Украина мәселесі бойынша келісімге келе алмағанын айтты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген