Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Сәтбаев пен Шорнақтағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

Президент Түркістан және Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті. 

"Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты президент әкімшілігінің басшылығымен, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өткізді. Дер кезінде қабылданған шешімдердің арқасында Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақталды. Тәртіпсіздіктің қайталануына ешқандай себеп жоқ", - деп жазды Уәли. .

Сөзінше, Тоқаев істің жан-жақты жүргізілуін тапсырыпты. 

"Президент жағдайды бақылауда ұстап, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ел ішіндегі тұрақтылықты бұзуға талпынған арандатушылардың алдын алуды, құқық бұзушыларды заң аясында жауапкершілікке тартуды тапсырды. Сонымен қатар ол аталған аймақтардағы халықтың ең басты әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне назар аудару керек екенін айтты. Ал құқық қорғау органдарына кәмелет жасына толмаған қызды зорламақ болды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының тұрғынына қатысты тергеу жұмыстарын жан-жақты жүргізіп, оның қорытындысы туралы жұртшылыққа нақты ақпарат беру туралы тапсырма берді", - деді Берік Уәли.

Айта кетейік, Сәтбаев тұрғындары бес жасар қызды ұрлап әкеткен күдіктіні өздері жазалмақшы болған. Аймақта жаппай тәртіпсіздіктер орнап, наразы жұрт бірнеше көлікті өртеп жіберген. Бұл жағдайға байланысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пікір білдірді

Талқылау