Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салық бірінші кезекте халықтың ақшасы - Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық халықтың ақшасы екендігін есте ұстау керек деп айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев

«Фискалды саясат байыпты түрде жаңғыртуды қажетсінеді. Оның басты міндеті - бюджет кірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және ұлттық табысты әділ бөлу, экономикалық өсім құрылымы мен сапасын жақсарту. Жаңа салық кодексі, жаңа кеден кодексі қабылданып, қолданысқа енгізілді. Үкіметке еркін экономикалық аймақтарды басқару өкілеттігі берілді. Қандай нәтижелеріміз бар?», - деді Тоқаев. 

Мемлекет басшысының айтуынша, белгілі бір саланың дамуындағы мәселелерді шешу үшін салықтық жеңілдіктерді қолдану жаппай әдетке айналған.

«Әрине, саланы жүйелі түрде дамытуға, өткізу нарықтарын құруға, салалық реттеуді жөнге келтіруге қарағанда салықтық жеңілдіктер беру жеңіл әрі жылдам. Бірақ, салық халықтың ақшасы екендігін есте ұстау керек. Оның есебінен жалпы мемлекеттік ұзақмерзімді тапсырмалар, қорғаныс, медицина, білім беру және басқалары орындалады. Салықтық жеңілдікті жекелеген салалар мен кәсіпорындар алып отыр», - деді президент.


 

Талқылау