Қазақстан президенті Владимир Путиннің шақыруымен Санкт-Петербургте өтетін форумға қатысады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 17 маусымда өтетін Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына (СПХЭФ) қатысады. Қазақстан басшысы форумның пленарлық отырысында сөз сөйлейді деп күтілуде, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
"17 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен 25-мерейтойлық Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысады. Мемлекет басшысы СПХЭФ пленарлық отырысында бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, сөз сөйлейді деп жоспарлануда", – делінген хабарламада.
Путин өз кезегінде Қазақстан президенті біздің шақыруымызды қабылдайды деп үміттенетінін атап өткен.
"Сонымен қатар келіссөздер барысында мен Қазақстан президентін биыл маусым айында өтетін Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына басты қонақтардың бірі ретінде қатысуға шақырғанымды айта кетейін.
Санкт-Петербургте өтетін форумға қазақстандық саясаткерлер, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері мықты делегация күтеміз", – деді Владимир Путин 2022 жылғы 10 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерінде.
Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың атына тіркелген VIP-ұшақ Мәскеуге қонғаны туралы хабарланған еді. Назарбаевқа арналған жаңа Airbus A320 Neo ұшағын 2020 жылы президент істері басқармасы сатып алған еді.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
