Тоқаев пен Трамптың АҚШ-та түскен суреттері жарияланды

Фото: t.me/ruslanzheldibay
Қазақстан президентінің көмекшісі Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ президенті Дональд Трамппен түскен суреттерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Суретте екі елдің басшысының қол алысқан сәті бейнеленген. Жарияланымдағы жазбаға қарағанда, фото жуырда Тоқаевтың Нью-Йоркке жасаған сапары барысында түсірілген.
Тоқаев пен Зеленский БҰҰ бас Ассамблеясында кездесті
Желдібай сондай-ақ Трамптың жұбайы Меланиямен түскен тағы бір кадрды бөлісті.

Фото: t.me/ruslanzheldibay
Айта кетейік, 21 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарын бастады. Сапар аясында мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-інші мерейтойлық сессиясының Жалпы пікірталастарына қатысты.
Сондай-ақ Тоқаев шетел мемлекеттерінің басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен келіссөздер жүргізді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан