Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев пен Путин Ауғанстандағы жағдайды талқылады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тараптар Душанбеде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясындағы алдағы іс-шараларға байланысты ауған мәселесін жан-жақты талқылағаны айтылған.

"Сондай-ақ екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті тақырыптар, соның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен іс-қимыл мәселесі де қозғалды. Байланыстарды жалғастыру туралы келісілді", – деді Кремльдің баспасөз қызметі өкілдері.

 



Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 35 этникалық қазақ – қандасымыз Ауғанстаннан тарихи отанына оралды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 18 тамызда Қазақстан Ауғанстаннан 25 азаматын, Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын шығарды.   

Талқылау