Тоқаев Нигерия президентімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев "Абу-Даби тұрақты даму апталығы" халықаралық саммиті аясында Нигерия Федеративтік Республикасының президенті Бола Ахмед Тинубумен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Тоқаев Африкадағы халқы ең көп және құрлықтағы ең ірі экономикалардың бірі Нигериямен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті.
Бола Ахмед Тинубу екіжақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру үшін бірлескен күш-жігер жұмсауға дайын екенін растады.
Мемлекет басшысы Нигерия президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Олар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясында өзара іс-қимылды жандандырудың маңызын атап өтті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген