Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев мектеп түлектерін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп түлектерін құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бітіру кеші

Бұл туралы президенттің Twitter-дегі парақшасында жазылды. 

"Құрметті түлектер! Баршаңызды бүгінгі ерекше жағдайда өтіп жатқан «соңғы қоңырау» күнімен құттықтаймын! Асыл армандарыңыз орындала берсін! Болашақтарыңыз жарқын болады деп сенемін! Жас ұрпақты ғажайып білім әлеміне жетелейтін ұстаздар қауымына қажырлы еңбектері үшін алғыс айтамын!" - деді Тоқаев. 

Еске салайық, бұған дейін білім министрі деп оқушылар мен ұстаздарды мектеп жылының аяқталуымен құттықтаған болатын. 

Атап кетерлі жайт, биыл елімізде соңғы қоңырау онлайн соғылды. 

Талқылау