Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев «Көк-Жайлаудың» құрылысын кейінге қалдыру туралы шешім өзінің кеңесі бойынша қабылданғанын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көк-Жайлау» курортының құрылысын кейінге қалдыру туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Тоқаев «Көк-Жайлаудың» құрылысын кейінге шегеру туралы шешім өзінің кеңесі бойынша қабылданғанын айтты

«Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбек сарапшылардың бағалауы мен қала тұрғындарының пікірін зерттеп, зерделеу үшін «Көк Жайлау» тау-шаңғы курортының жобасын кейінге шегеруді ұсынды. Менің ұсынысым бойынша қабылданған бұл шешімді қолдаймын. Мұндай маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайды», - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Айта кетсек, бұған дейін Бауыржан Байбек «Көк-Жайлау» курортының құрылысын кейінге қалдыруды ұсынған еді. Ол жобаны әлі де жетілдіріп, сарапшылардың пікірін ескеру керектігін айтты. 
 

Талқылау