Тоқаев кезекті рет қазақстандықтарды карантинді сақтауға шақырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір рет қазақстандықтарды карантинді сақтауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирустық инфекцияның қаншалықты қауіпті екенін айта келе, ел азаматтарын карантин талаптарын орындауға шақырды.
"Мен барлық азаматтарды осы аурудан сақ болуға және карантин талаптарына назар аударуға шақырамын", - деп жазды Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Ол осыған дейін де коронавирустың күллі әлем үшін үлкен қатер төндіріп тұрғанын айтып өзінің ойын жеткізген.
"Үкіметтік комиссияның күш-жігеріне қарамастан, біздің азаматтарымыздың жұқтыруы жалғасуда. Коронавирустың екінші толқыны қаупі сақталып отыр, оны ДДҰ растайды. Мен отандастарға жаппай аурудың алдын алу үшін қайтадан карантиндік шараларды (қашықтық, дезинфекция, гигиена, маскалар) сақтауға шақырамын", - Бұл туралы Мемлекет басшысы 4 маусымда жазды.
Сонымен қатар, Тоқаев коронавирус жұқтырған мәжілісмен Бекболат Тілеуханның тез сауығып кетуін тілеген.
13-маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 14 238 коронавирус ауруы, 8829 адам емделді, 70 адам қайтыс болды, 3782 асимптоматикалық жағдай тіркелді.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
