Тоқаев қазақстандықтардың шетелге заңсыз шығарған қаражатын қайтару үшін комиссия құрды
Қазақстанда ел азаматтары шетелге заңсыз шығарған қаражатты қайтару бойынша комиссия құрылды.
"ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан азаматтары шетелге заңсыз әкеткен қаражатты қайтару бойынша кешенді жұмыстарды жүргізу үшін Бас прокурордың басшылығымен ведомствоаралық комиссия құрылды", – деп хабарлайды "Борт №1" телеграм арнасы.
Мемлекет басшысы комиссияның қызметін жеке бақылауға алуды көздеп отыр.
Талқылау
Пікір