Тоқаев Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшісін ауыстырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның бірнеше елдегі төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Президент жарлығына сәйкес, Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Албания Республикасында елші қызметін қоса атқарудан босатылды.
Оның орнына Еркебұлан Сәпиев Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол енді Түрікменстандағы елші қызметін атқармайды.
Орнына Асқар Тәжібаев тағайындалды. Тәжібаев бұған дейін Тәжікстандағы төтенше және өкілетті елші болатын. Президент жарлығына сәйкес, бұл қызметке Уәлихан Төреханов тағайындалды.
Ауыс-түйіс барысында Қазақстанның Канададағы төтенше және өкілетті елшісі Ақылбек Камалдинов Қазақстанның Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Бұл міндет Андриан Елемесовке жүктелді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ