Тоқаев Қазақстанда өлім жазасын алып тастау туралы айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның азаматтық және саяси құқықтар туралы өлім жазасын жоюды көздейтін екінші факультативті хаттамаға қол қоюына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасында.
«Бірнеше күн бұрын Қазақстанда өлім жазасын алып тастауды қарастыратын екінші факультативті хаттамаға қосылу туралы шешім болды. Бұл қосылу процедурасы Конституцияға толық сәйкес келеді және негізгі заңға ешқандай өзгеріс енгізу қажет емес. Өлім жазасы мораториймен қамтамасыз етілгендіктен, іс жүзінде біздің елде өлім жазасы жоқ. Заңды біздің тұңғыш президентіміз жариялады», - деді президент.
Айта кетейік, БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын алып тастауға бағытталған "Азаматтық және саяси құқықтар" туралы халықаралық екінші факультативті хаттамаға қол қойды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”