Тоқаев қара белбеу иегері атанып, тақтайды бір соққымен сындырды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоудың өтінішімен таеквондо тақтайын жұдырығымен ұрып сындырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, Тоқаев Чунгвон Чоудың сапары Қазақстанның спорт қауымдастығы үшін маңызды оқиға саналатынын атап өткен.
“Бұл Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының елімізде аталған спорт түрінің дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдіреді. Мемлекет басшысы таеквондо олимпиадалық спорт түрі ғана емес, үйлесім, тәртіп және өзара құрмет қағидаттарына негізделген, дүниежүзіндегі миллиондаған адамды біріктіретін философия деп санайды”, – делінген хабарламада.
Кездесу барысында президент жаттығу тақтайшасына қолтаңба қалдырды. Кейін Чунгвон Чоудың өтінішімен таеквондо дәстүріне сай тақтайды сындырды. Чунгвон Чоу ерекше құрметтің белгісі ретінде Тоқаевқа тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген