Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты қызметіне табыс, ал Бразилия халқына құт-береке тіледі.


Тоқаев Дональд Трампты тәуелсіздік күнімен құттықтады


Тоқаев Грекия президентін тәуелсіздік күнімен құттықтады 


Бұған дейін президентіміз Алжир Республикасын тәуелсіздік күнімен құттықтаған еді. 

Айым Болатқызы
Жексенбі, 07 Қыркүйек, 2025 09:29
Талқылау