Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев білім беру, тәлімгерлік және балалар қауіпсіздігі туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру, тәлімгерлік және балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша жарлыққа қол қойды. Заң жобасында қарастырылған нормалардың бірі – сабақта ұялы телефонды пайдалануға шектеу қою. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: news.myseldon.com

Құжатты Ақорда жариялады.

"Мемлекет басшысы "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды", - делінген құжатта.



Заң жобасында қарастырылған ережелер:

мектептер, балабақшалар мен ауруханалар салуды есепке алмай, көпқабатты тұрғын үйлер салуға тыйым салу;
терезелердің ашылуын блоктайтын арнайы механизмдерді міндетті түрде орнату;
балабақшалардағы орындармен қамтамасыз етудің бірыңғай басымдығын және мектептерде ұялы телефондарды пайдалану ережелерін белгілеу;
балалар үйінде тұратын кәмелетке толмаған жетім балаларға тәлімгерлік.

Айта кетейік, бұған дейін Депутаттар сабақ үстінде оқушылардың телефон ұстауын шектейтін заңды қабылдағаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 23 Ақпан, 2024 17:59
Талқылау