Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Фото: Akorda.kz

Президенттің баспасөз қызметі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресми мәлімдемеде президент туған күнін атап өтпейтіні айтылған.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты мерекелік іс-шаралар жоспарланбаған. Президент бұл датаны атап өтпейді", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткен емес. Тоқаев Президент әкімшілігі қызметкерлерінен де туған күнімен құттықтамауын сұраған. Президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың ұстанымы осындай екенін, оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау әдетке айналмағанын айтқан еді.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025 15:32
Талқылау