Тоқаев Армения премьер-министрінің тез сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Н.Пашинянның тез сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Твиттердегі парақшасында жазба қалдырды. Коронавирус жұқтырған Армения премьер-министрінің қажыр-қайратын сөз ете келе, Тоқаев оның тез арада қатарға қосылып, сауығып кететініне шын ниетпен тілеулес екенін айтты.
«Армения премьер-министрі Н.Пашинянның тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Ол өз қажыр-қайратының арқасында дерттен құлан-таза айығып, достас Арменияның игілігі жолындағы қызметіне қайта оралады деп сенемін», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Арменияның премьер-министрі отбасымен қоса коронавирус жұқтырғаны туралы белгілі болған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”