Тоқаев әлеуметтік желілер мен кибербуллинг туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтарын қорғау, білім беру, ақпараттандыру мәселелері бойынша заңдағы түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Сенат халықтың сынынан кейін заң жобасына өзгерістер енгізген болатын. Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілердің және мессенджерлердің жұмысын өз қалауы бойынша шектей немесе тоқтата алмайтынын және тек балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты ғана жоюға болатынын айтқан.
Буллинг дегеніміз не және одан баланы қалай қорғай аламыз? Психолог кеңес берді
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады