Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Әлеуметтік кодекске қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік кодекске қол қойды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев құқық қорғау органдарына тапсырма берді

Сенат әлеуметтік кодекстің жобасын 16 наурызда қабылдады.

Кодексте қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары және зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі негізгі жеті бағыт көрсетілген:

  • Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау;
  • Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары;
  • Кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек;
  • Арнайы әлеуметтік қызметтер;
  • Мүгедектігі барларды әлеуметтік қорғау;
  • Зейнетақымен қамсыздандыру;
  • Азаматтардың жекелеген санаттарын, оның ішінде асыраушысынан айырылғандарды әлеуметтік қолдау.

Қазір бұл мәселелер әлеуметтік кодекстің қабылдануымен жойылатын тоғыз тәуелсіз заңмен реттеледі. Бұл ретте жаңа кодекс бюджеттен де, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан да бүгінгі күні бар барлық әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік қолдау нысандарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Жаңа кодекс бюджеттен де, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан да бүгінгі күні бар барлық әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік қолдау нысандарының сақталуын қамтамасыз етуге арналған.

Құжатта 4 жаңалық жазылған:

  • Мемлекеттік қолдау мәселенің салдарын жоюға емес, өмірлік қиын жағдайлардың алдын алуға көбірек бағытталады;
  • Әлеуметтік саланы цифрландыруды тереңдету;
  • Азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін жауапкершілік тек мемлекетке ғана емес, жұмыс берушілер мен азаматтардың өздеріне де жүктеледі;
  • Әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту жөніндегі шаралар нәтижелі және ресми жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталады.
Талқылау