Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев әкімдердің қызметіне қатысты маңызды жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің қызметіне қатысты маңызды жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ақорданың "БОРТ №1" баспасөз қызметінің Telegram арнасында жазылды.

тоқаев

"01 әкімдердің қызметіне қатысты маңызды жарлыққа қол қойды. Құжатпен толығырақ ертең сағат 8:00-де ақорда сайтынан таныса аласыздар", - делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы барлық деңгейдегі әкімдердің бюджеттік тәуелсіздігінің қажеттілігі туралы айтқан болатын.



"Мен барлық деңгейдегі әкімдердің бюджеттік дербестігін одан әрі арттыру қажеттігіне жеке тоқталып өткім келеді. Өңірлердің 82 пайызы субсидияланатын жағдай дұрыс емес. Бұл біздің әдістеменің, бюджетаралық қатынастардың ерекшеліктері. Әкiмдер  жалпы сипаттағы трансферттердi сұрап министрлiктердiң табалдырығын тоздырады", - деген Тоқаев.

Ақберен Амангелді
Жексенбі, 06 Наурыз, 2022 15:04
Талқылау