Тоқаев халыққа жаңа жолдауын жариялайды: Күні белгілі болды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда саяси реформалар пакетін жариялайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынамын. Қазір партиялар арасында бәсеке күшейе түсуде. Осы орайда біз партиямыздың басты саяси күш ретіндегі рөлін сақтауымыз қажет. Бұл өте маңызды міндет", – деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде.
Президент саяси ұйым әрдайым ел мүддесін қорғайтын, нағыз халықтық партия болып қалуы керек екенін атап өтті.
Айта кетcек, партияның кезектен тыс съезінде Nur Otan атауын "Аманат" деп өзгерту ұсынылды. Мемлекет басшысы бұл атауды қолдайтынын айтты.
"Ауа температурасы +8°C-тан жоғары болуы керек": Алматы әкімдігі не үшін жылуды өшірмей отырғанын айтты
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі