“Ордабасы” клубы 29 жастағы легионер футболшыны қатарға қосты
Фото:”Ордабасы” фк
Шымкенттің “Ордабасы” футбол клубы бразилиялық футболшы Леонардо Нательмен құрамын толықтырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Клуб 29 жастағы ойыншымен келісімшартқа отырғанын ресми түрде мәлімдеді. Бразилиялық футболшы оң қапталда да, орталық шабуылда да ойнай алады.
Айта кетейік, Лео Натель Португалияның “Бенфика” клубының түлегі. Ол кәсіби мансабында Бразилияның “Сан-Паулу”, “Форталеза”, “Коринтианс” және “Новуризонтино” клубтарында өнер көрсеткен.
Алғаш рет 15 жастағы қазақ футболшысы “Барселона” сапында доп тебеді
"Атырау" футбол клубы үш есе арзан бағамен төртінші рет саудаға шығарылды
Сонымен қатар, ол Кипрдің “Пафос”, “АПОЭЛ”, “АЕЛ” және “Лимасол” клубтарында, сондай-ақ Аустралияның “Мельбурн Сити” командасында да ойнаған.
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген
"Күйсандық", "қылтима", "үнқағаз": Тоқаев күмән келтірген қазақша аудармалар қаншалықты сәтті
Мамандар қазақ тіліндегі барлық кірме сөзге міндетті түрде балама табу қажет деген пікірмен келіспейді