Тоқаев 15 қаңтарда Парламентте үндеу жасайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің жаңа құрамының алдында Парламентте сөз сөйлейтін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Реформаларды дайындап жатырмыз. Реформалар жалғасын табуы керек. 15 қаңтарда мен мәжілістің жаңа құрамының алдында Парламентте сөз сөйлеймін. Содан кейін ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы болады. Ол жақта реформа мәселелерін талқылайтын боламыз", - деді Тоқаев.
Президент бүгінгі сайлау елдің демократиялық Қазақстанға айналуының алғашқы сатысы болатынын атады.
"Әрбір сайлау - азаматтық батылдықты тексеретін сынақ. Парламентімізде бұл жолы әр алуан партиялардың өкілдері болады деген үміттемін. Біріншіден, мемлекетіміздің болашағы, еліміздің алдағы өмірі жайлы пікірталастар Парламентте болуы керек. Екіншіден, Парламент сапалы заңдар қабылдай білуі қажет", - деді Тоқаев.
Айта кетейік, бұған дейін президент үкімет отставкаға кететіні жайлы айтқан еді.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
