Тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына миллиондаған қаржы жұмсаған
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Мәдениет министрлігі ұжымының кеңейтілген отырысында тоғызқұмалақ құрамасының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына ондаған миилион теңге жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Олимпиадалық емес спорт түрлерін талқылайық. Көп қаржы есепсіз жұмсалған. Мысал өте көп. Солардың бірі – тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы неліктен оқу-жаттығу жиынына Түркияға барғанын және бюджеттің миллиондаған қаржысын жұмсағанын ешкім түсіндіріп бере алмады", – деді Дәурен Абаев.
Ол министрліктің оқу-жаттығу жиындарын өткізуді қатаң бақылауда ұстайтынын айтты.
"Әр оқу-жаттығу жиынынан кейін нәтижеге қайта ораламыз. Спорт түрлері бойынша нақты шаралар атқарылады", – деп қосты мәдениет және спорт министрі.
Айта кетейік, бұған дейін Дәурен Абаев Олимпиада чемпиондары мен олардың жаттықтырушыларына өмір бойы берілетін төлемді көтеруге тапсырма берген еді.
Талқылау
Пікір