Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грузияда тоғыз сағат бойы банкте тұрғындарды кепілдікте ұстаған басқыншы ұсталды

Кутаисиде арнайы операцияның нәтижесінде "Грузия Банкі" филиалында тұтқынға алынғандар босатылып, басқыншы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Рустави 2" телеарнасына сілтеме жасап.

кепілдікте ұстауКөрнекі сурет

“Грузия Банкі” филлиалында қарақшы 12 адамды тоғыз сағат кепілдікте ұстаған. Грузия ІІМ өкілі зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеді.

Арнайы камуфляж және бетіне қара бетперде киген қарақшы Тбилиси уақыты бойынша 11:30-да Грузия Банкінің филиалына кірген.  Басқыншы 2 миллион доллар, тікұшақ, рация және Ресейдің туын талап етті. Кейін талабын жеңілдетіп, бір жарым миллион долларға адамдарды босататынын айтқан.

Ұсталған қарақшының казино ойындарының кесірінен несие бойынша бірнеше қарыздары бар екені анықталды.

Талқылау