Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ТМД байқаушылары Беларусьте өткен сайлаудың заңдылығын растады

Беларусьтегі президенттік сайлау осы елдің заңнамасына сәйкес өтті, дауыс беру жақсы ұйымдастырылды, ал азаматтар өз қалауы бойынша таңдады. Елде өткен сайлауға ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы, бақылау миссиясының мүшесі Сергей Лебедев осындай баға берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сайлау ұйымдасқан түрде өтті және Беларусь заңнамасына сәйкес келді. ТМД бақылаушыларының миссиясы Беларусьтегі сайлаудың заңдылығына күмән келтіретін фактілерді таппады", - деді Лебедев.

9 тамызда жексенбіде Беларусьте президент сайлауы өтті. Минскідегі сайлау учаскелері жабылғаннан кейін, көшпелі дауыс беру кезінде жарияланған сайлау нәтижелерімен келіспейтіндер наразылық акцияларын бастады.

Бұған дейін Беларусь ОСК сайлаудың алдын-ала нәтижелерін жариялаған болатын. 

Жалпы, сайлау қорытындысы бойынша Александр Лукашенко ең көп дауыс жинап, осымен алтыншы рет ел президенті атанды. Ол мемлекетті 1994 жылдан бері басқарып келеді.

Лукашенконың басты қарсыласы Светлана Тихановская президенттік сайлауда жеңілгенін мойындаудан бас тартты, ал оның штаб-пәтері президент сайлауының ресми нәтижелерін мойындамайтынын мәлімдеді.

Талқылау