"Тізеге дейін жетеді": Қостанайда жауған нөсер мен бұршақ салдарынан қаланы су басып қалды
26 шілде күні Қостанайда бұршақ жауды. Әлеуметтік желі қолданушылары нөсер салдарынан туындаған келеңсіздіктерді видеоға түсіріп, жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті "Алау" басылымы жолды жаңбыр су басып қалғанын хабарлады. Шағын аудандардың аулаларында су тізеге дейін жеткен.
27 шілде күні де Қостанай облысында дауылды ескерту жарияланды - кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.
Айта кету керек, Қазақстанның бес өңірінде - Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында да дабылды ескерту жарияланды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ