Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тырмысып, өмір сүруге талпынды: Нұр-Сұлтан тұрғыны құдықта қаза болған ұлының өлімі жайлы айтты

Елорда тұрғыны қаза болған ұлының өлімі жайлы айтты. Оқиға биылғы жылдың ақпан айында болды. 

Тырмысып, өмір сүруге талпынды: Нұр-Сұлтан тұрғыны құдықта қаза болған ұлының өлімі жайлы айтты

Көз жұмған 13 жастағы Бағдәулет бір тәуліктен аса ылғалды, қараңғы жерде тірі жатты дейді анасы. Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасап  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқушы жарақат алғаннан емес, суықта жаурағаннан көз жұмды. Бұл сот-медициналық сараптама нәтижесі. 

"Біз көп уақыт психологпен сөйлесіп, өз өзімізге келдік. Менімен бірге менің қыздарым да барды. Әркім өзін кінәлады. Мен сол күні жұмыста болмағанымда ол тірі болатын еді деп өкіндім. Әпкесі үйде болмағанда тірі болатын еді деді", дейді анасы Перизат Шынықбаева. 

Оқиға болғанына жарты жыл болса да, іс сотқа жеткен жоқ. 

Құдық "Астана Су арнасына" тиесілі. Жақында кәсіпорында жұмысшылар қаза болды. 

"Біз істің неге сотқа жетпегенін сұрап прокуратураға бардық. Біздің оқиға арнадағы 4 жұмысшының қазасымен бірігіп кеткен екен", - дейді адвокат. 

13 жастағы Бағдәуле үш тәулік құдықт жатты. Қайғылы оқиғадан соң құдықтың бетін жауып тастады. Отбасы жалғыз ұлынан айырылған соң қаланың басқа жағына көшіп кетті. 

"Мен құдықты көрген сайын ұлым сонда жатқандай көрінетін. Мен ол жерге барып ұлымды құтқара алатын секілді болдым. Сот баланың жарақатынан кқз жұмғанын растаған жоқ. Ол тыныс ала алмай қалған. Сарапшылар көрсеткендей, бала шешініп өрмелемк болған. Сүйектері сынбаған. Ол өмір сүруге талпынды. Бір әуліктен аса талпынды." - дейді анасы.

"Гипотермия және сұйықтықтың әсерінен асфиксия, осы екі сәт", - деді адвокат. 

"Астана Су Арнасынан" Бағдәулеттің отбасы материалдық көмек алды. Алайда кінәліредің жазаланғанын қалайды. Тергеудің құжаттарын күтіп отыр. Ұлынсыз өмір сүруге тырысып жүр. 

Талқылау