Түркістан облысында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды

Арыс ауданында агроөнеркәсіп саласында аса ірі мөлшерде бюджет қаражаты жымқырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас прокуратура мәліметінше, “Ы” ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы 2021 жылғы сәуірде ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізіп, 2470 бас аналық ірі қара мал және 120 бас асыл тұқымды бұқа жалға алынған деп көрсеткен. Нәтижесінде кооперативтің есепшотына мемлекеттен 24 700 000 теңге субсидия аударылған.
Алайда іс жүзінде селекциялық жұмыстар тек 18 бас асыл бұқа мен 450 бас аналық ірі қара малға жүргізілген. Заңсыз алынған қаражат сомасы 20 200 000 теңге.
Прокуратура қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2) тармағы (аса ірі мөлшерде алаяқтық) бойынша соталды тергеуді аяқтады.
Төрайымы кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру және 5 жылға коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Заңсыз алынған қаражат толық көлемде мемлекет кірісіне қайтарылды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысында әкімдік есепшісі өзіне 20 млн теңге жалақы аударған
Жетісудағы туристік аймақтарда салынбаған әжетханаларға 30 миллион теңге бөлінген
Айта кетейік, бұған дейін 188 млн теңге жымқырған “Қазсушардың” бес лауазымды қызметкері мен бас мердігер қамауға алынғаны хабарланған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған