Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тынысы тарылып жатыр": Жұлдыз Әбдукәрімова ұлының денсаулығы сыр бергенін айтты

Актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімова ұлы Нарұлдың денсаулығы нашарлап кеткенін айтып, көпті алаңдатып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

“Бұл жігіт бүгін қорқытып, ауруханадан бір-ақ шықтық. Таңертең балаларымды мектепке қалдырып, алаңсыз жұмысыма кеткенмін. Нарұлдың жағдайы жақсы болған. Бірнеше сағаттан кейін мектептен қоңырау түсіп “Нарұлдың тынысы тарылып жатыр” деген хабар жеткізді. Аяқ-қолымқалтырап, кардиология бөліміне әрең жеттім”, – деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Қайрат Нұртастың әйелі ұлының жүрегіне ота жасалғаныны айтты.

“Нарұлылымның жүрегіне ота жасалған күннен бері 6 жыл уақыт өтіпті. Нарұлдың жүрегі дәрігерлердің бақылауында. Жылыныа екі рет тексерістен өтеміз. Уайымдап, тілек білдіріп жатқан баршаңызға алғыс. Тексерістен өттік, қазір жағдайымыз бір қалыпты”, – деп алаңдаған көпшілікті уайымын басты ол.

Талқылау